Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әуежайда ұшқалы жатқан ұшақ ер адамды қағып өлтірді (видео)

Ресейдің Шереметьево әуежайында ұшақтардың бірі ұшқаннан кейін,  ұшу-қону жолағынан ер адамның денесі табылды.

Әуежайда ұшқалы жатқан ұшақ ер адамды қағып өлтірді (видео)

Бұл туралы РИА Новостиге сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Агенттік мәліметінше, ер адамның денесінен механикалық зақым белгілері табылған.

Оған дейін әуежайдан Мәскеу-Афина бағытындағы ұшақ ұшып шыққан.

Әуежай қызметкерлерінің сөзінше, сағат 20:10-да экипаж мүшелері ұшақтың белгісіз затқа соғылғаны туралы хабарлаған.

Ресейдің тергеу комитеті ер адам қайтыс болған жерде түсірілген видео жариялады. Видеоны түсірген әуежай қызметкерінің сөзінше, ұшу-қону жолағының бойынан күртенің мамығы мен спорттық аяқ киімнің бауы табылған.

 

Ал “5 Родной” арнасының мәліметінше, қайтыс болған ер адам Армения азаматы болып шыққан. Ол ұшақта шу шығарып, салдарынан оны рейстен түсіріп тастаған. Алайда мұнан кейін ер адам Ресей шекарасынан өтпегендіктен, оның тағдыры белгісіз қалыпты.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау