Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әуелбекова мен Бақаева сахналық көйлектерін қайырымдылық үшін сатылымға шығарды (фото)

«Арнау» тобының әншісі әрі танымал актриса Салтанат Бақаева желіде қайырымдылық эстафетасын бастады. Ол сахналық көйлегін сатылымға шығарды. Сатылымнан түскен қаражатты ол ауыр науқасқа шалдыққан жеткіншектің шотына аудармақ, деп хабарлайды Stan.kz.

salta molya

«Мен мына көйлегімді сатып, сатылымнан түскен ақшаны Жанияның еміне жіберсем деп ем. Қалай қарайсыздар? Көйлекті 2 рет кидім концертке. Бұл эстафета және бұны менің әріптестеріме жолдаймын! Көп түкірсе көл болады демекші бәріміз жұмылып жинайық! Бұл ойымды толықтырған Мөлдір Әуелбекова болатын, сондықтан Мөлдір өзіңнен бастаймын! Мөлдір Әуелбековаға, Бағлан Әбдірайымовке, Айдана Меденоваға жолдаймын», – деп жазды Салтанат Бақаева.

Салтанат Бақаеваның эфтафетасын алғашқы болып әнші Мөлдір Әуелбекова қоштай түсті. Ол да қымбат сахналық көйлектерінің бірін сатылымға шығарып, эстафетаны өнердегі әріптестеріне жолдады. Сондай-ақ, біреудің ақшасын есептеп, қалтасын тіміскілейтін желі оқырмандарына жауап берді.

«Біреудің қалтасын санауға асықпаңыз! Кім қандай игі іс жасап жүргені бір Аллаға мәлім! Жұма қабыл болсын!» – дейді Әуелбекова.

Жіберіп алмаңыз:

Көпшілік Роза Рымбаеваның кіші ұлын Ninety one әншісімен шатастырып алды (фото)

Араб әйелдерінің киімін киген Мәдина Сәдуақасова қатаң сынға ілікті (фото, видео)

Болат Назарбаев Мақпал Жүнісованы туған күнімен құттықтап келді (видео)

Атышулы Ninety one тобының тағы бір концерті өтпей қалды

Талқылау