Әуелбекова халықтан жүктілігін жасырып жүр ме
Осыдан бірнеше апта бұрын желі қолданушылары әнші Мөлдір Әуелбекованың аяғы ауыр екені туралы жарыса жазған болатын. Енді қолданушылардың бұл пікірі расталған секілді.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Қазақ эстрадасында даусымен ерекшеленетін әнші осы күнге дейін дене бітімін айқындап тұратын киімдер кигенді жақсы көретін. Тұрмыс құрғаннан кейін талғамы өзгеріп, етегі ұзын әрі кең тұратын киімдер киетін болған.

Жақын күндердің бірінде өткен Роза Рымбаеваның концертінде кең көйлек киіп жұртқа екіұшты ой салған. Мұнымен қатар, көйлектің белдігі бос байланған екен. Бұлай киінуінің себебі жүктілігімен байланысты болса керек.




Әнші әзірге қуанышты жаңалығымен бөлісетін сыңай танытқан жоқ. Мүмкін Әуелбекова бар болғаны киіну мәнерін өзгерткісі келген шығар. Не де болса нақты себепті жуырда білетін боламыз.
Естеріңізде болса, осы уақытқа дейін Әуелбековаға шабуыл жасалғаны туралы жазған болатынбыз.
Алматылықтар аптап ыстықта жылудың өшірілмей жатқанына шағымданды: Әкімдік себебін түсіндірді
Алматылық Ерғали Жақсылықов жергілікті билікке шағымданды
"Әйелдерге тән оюды ерлер пайдаланып жүр": Қазақстандық дизайнер жұлдыздардың ою-өрнекті орынсыз пайдаланып жүргенін сынға алды
Кез келген ою – оны жасаған адамның ішкі дүниесінің көрінісі