Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әуелбекова емізулі баласын гастрөлдік сапарға алып шығуының себебін түсіндірді

Ел арасында Мөлдір Әуелбекованың жары Арыстанмен ажырасып кеткені жайлы ақпарат тараған. Алайда әншінің аталған жайтты растамады, бірақ жоққа да шығармады. Жеке өміріне қатысты қойылған сұрақтардан басын ала қашатын өнер жұлдыздарының қатарында Әуелбекова да бар.

Былтыр ана атанған әншінің тұңғышы Салтай бүгінде 1 жастан асқан. Салтайдың күтімі Мөлдірдің өз мойнында. Әнші ұлын ешкімге сеніп тапсыра алмайды, сондықтан да тұңғышын өзімен бірге ертіп жүреді. Бұл туралы Мөлдір “Еуразия” арнасының “Әйел сыры” бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

“Басында өзге қалаларға шықпайтынмын, қазір өзіммен бірге алып жүремін. Себебі әнші болған соң, үйде отыра алмайсың. Баламды өзім қараймын, тәуліктің 24 сағаты қасымда. Күтушім де, ешкім жоқ.

Жүкті кезімде 8 айға дейін гастрөлдік сапарда жүрдім. Жанды дауыспен, оркестрмен ән айтып жүрдік. Бейімделіп туылған бала ғой. Бес жылдан бері қасымда өзімнің әпкем Меруерт жұмыс істейді. Продюсерім де, директорым да, администраторым да сол. Сахна сыртында сол қарайды. Өте ыңғайлы, бір бұйырып қойғандай”, – дейді Мөлдір.

Тележүргізушінің: “Күйеуіңіз бұған қалай қарайды? Концертті тоқтат, үйге қайт демей ме?” деген сауалына Мөлдір:

“Рұқсат болғаннан кейін жүрміз ғой, әйтпесе қайдан жүреміз?” – деп қысқа қайырды.

 

Жіберіп алмаңыз:

Әнші Гүлбаршын Тергеубекова жазушы Дидар Амантаймен ажырасып кетуінің себебін ашып айтты

Тамара Асар арбада отырған әйелмен дуэт айтып, жұрттың жүрегін елжіретті (видео)

Алаяқтар Әуелбекованың атын пайдаланып, балалардан ақша жинаған

Әнші Байзақова: Атышулы блогер ән айтып, бейнебаян түсірді (видео)

Талқылау