Аудан әкімін дастархан басында отырған кәсіпкер басынан бөтелкемен ұрған
Оңтүстік Қазақстанда Шардара ауданының әкімін дастархан басында отырған кәсіпкер басынан бөтелкемен ұрған. Оқиға 1 қыркүйек Білім күні қарсаңында Шардара су қоймасының Алтын жағажайындағы отырыста болған.

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.
Шенеуніктер мен кәсіпкерлерден құралған бір топ қонақтармен көңілді дастархан басында отырғанда, кенет Ғани есімді кәсіпкер екеуінің арасында кикілжің туып, арты ұрысқа ұласқан. Бұл туралы ақпарат берген рател.кз порталы оқиғаның Бас прокуратура бақылауында екенін жазады. Алайда ресми орындар әзірге қандай-да бір түсінік берген жоқ. Басына бөтелке тиген 39 жастағы Арман Абдуллаевтың қабағы жарылып, тіпті, маңдайының бірнеше жерін тігуге тура келген.
"Азық-түлік пен медицина қолжетімді": Иранда тұратын қазақ қандастар Отанға оралғысы келмейтінін айтты
Ажар: “Ауруханалар мен университеттер бомбаланып жатыр”
"Асқан қатыгездік": Қазақстандықтар қаңғыбас иттерді жаппай өлтіру туралы заң жобасына қарсы шықты
Тұрғын: "Қоғамның деңгейі оның жануарларға деген қарым-қатынасынан көрінеді"