Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атыраулық кәсіпкер зейнеткерлер мен кедейлерге тегін нан таратып жатыр

Атырауда жас кәсіпкер келіншек зейнеткерлер мен жарлы жандарға тегін нан таратуды қолға алған.

1412953923_hleb

Бұл туралы “Мой Город” порталы хабарлайды.

Әйгерім Сапаров өзінің офисіне жақын орналасқан азық-түлік дүкенімен келісімге келген. Ондағы нан бағасы 60 теңге. Акцияның алғашқы күнінде-ақ 52 адам тегін нан алуға келген.

“Енді біз әр жұма сайын таңнан кешке дейін зейнеткерлер мен мұқтаж адамдарға тегін нан таратамыз. Қазіргі уақытта солай көмек көрсеткіміз келеді”, – дейді Әйгерім.

Кәсіпкердің айтуынша, уақыт өте келе тегін нан тарату акциясы күнделікті жағдайға да айналуы мүмкін. Аталған акция қазіргі таңда Азаттық даңғылы бойында орналасқан 101 үй, “Мәдина” дүкенінде жүріп жатыр.

Оқи отырыңыз:

Мейрамбек Беспаев қырыққа толған жігіттердің әнін шырқады (видео)

Ақын Қалқаман Сарин Мейрамбек Беспаевқа арнап өлең шығарды

Дизайнер Жадо күйеуіне өзге әйелдермен жүріс жүруіне рұқсат бергенін айтты

Нұржан Керменбаев ұлының тұсауын кесіп дүркіретіп той жасады (фото, видео)

Талқылау