Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атыраулық әйел ақшаға бола туған немересінен бас тартты

Балалар үйінде тәрбиеленген немересін асырап алған  атыраулық әйел көп ұзамай одан бас тартып, оны қайтадан Атыраудағы балалар үйіне өткізіп жіберген.

Атыраулық әйел ақшаға бола туған немересінен бас тартты

Бұл туралы atpress.kz-ке сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

«Шаңырақ» отбасылық типтегі Атырау балалар ауылының директоры Гүлсара Ботатаева жақында оларға балалар үйінің бұрынғы тәрбиеленушісінің қайта оралғанын айтты.

«Бала туғаннан бері балалар үйінде тәрбиеленген, себебі оның биологиялық анасы қызды баға алмады. Бірақ біз оның туған әжесін тауып алдық және оны немересін балалар үйінен алып кетуге көндірдік»,- дейді Гүлсара Ботатаева.

«Шаңырақ» мамандары құжаттарды шығарып, болашақ қамқоршымен психологиялық тұрғыда жұмыс істеді. Дегенмен, асырап алынған немересі үшін төленетін бірінші ай сайынғы жәрдемақыны алу уақыты келгенде, бұл сома әже үшін тым аз көрінген. Содан ол туған немересін дәл сол күні балалар үйіне қайта өткізіп жіберген.

«Қыз психологиялық зақым алды. Туған әжесі бас тартқаннан кейін қатты жылады. Қазір онымен психологтар жұмыс істеп жатыр», – деді балалар ауылының директоры.

Қазіргі уақытта туған әжесі бас тартқан бүлдіршін кәмелетке толмағандардың бейімделу орталығында екен. Сонымен қатар, бұл жағымсыз жағдайдың барлық мәліметтері  анықталуда.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау