Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атыраулық Әнелге бүгін күрделі ота жасалмақ

Күнім, сен сөнбеші! Ернар Айдардың бейнебаянына түскен ғашықтарды дәл бүгін ауыр сынақ күтіп тұр. Бұған дейін бірнеше отаны бастан өткерген Әнел бүгін тағы да пышақ астына түспек, деп хабарлайды Stan.kz.

Бұл туралы Әнел Instagram парақшасында хабарлады.

Бойжеткенге ота күні кеше жасалмақ болған. Алайда анализ теріс нәтиже көрсеткеннен кейін ота бір күн кейінге қалдырылыпты.

“Аллаға алғысым шексіз әке-шешем, туған бауырларым, жездем, женгем, Смадияр досымызға алыстан келіп қолдап жатыр, осы парақшадағы достарыма, өмірлік жарыма үлкен раxмет дұға сұрап, жанымнан табылып, қолдап жатсыздар, Аллаx разы болсын! Әлі-ақ барлық қиындықтардан қол ұстасып өтеміз”, – деп жазды Әнел.

Көптің тілеуі қабыл болып, Әнелдің анализі жақсы нәтиже көрсеткен ұқсайды.

“Мінеки, кішкене қобалжитын сәт те келіп жетті. ИншааАллах ертең менде операция! Мен үшін дұға сұрап қойсаңыздар бір қуанып қалар едім! Барі жақсы болады ИншааАллаx. Енді сіздермен операциядан кейін кездесеміз. Өздеріңіз бен жақындарыңызды күтіңіздер”, – деп бөлісті Әнел.

Жіберіп алмаңыз:

Шетелдік жігітке еріп Түркияға кеткен павлодарлық қыз елге қайта алмай жүр

Беделді кәсіпкер қоғамда ұятсыз жастардың көбейіп кеткеніне өкініш білдірді

Астанада дәрігерлер емін таппаған 5 жасар бала Секен Тұрысбектің күйлерін тыңдап ауруынан айыққан

Талқылау