Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атыраудан шыққан фотомодель фермерлікпен айналысуда

Итальяндық атақты брендтерді жарнамалайтын фотомодель Малайзияда тіл мектебін оқып келгеннен кейін APEC Petrotechnic Қазақстан-Канада колледжінде мұнай өндірісі технологиясын меңгерді.

12-4

Фотомодель өткен жылы отбасылық “Айкөркем” атты шаруа қожалығында жұмыс істейтін болып шешті, деп жазады forbes басылымы.

Назерке Құсесованың Instagram парақшасына 12 мың адам жазылған.

2011 жылы әкесі Берікқали Құсесов пен анасы Сәния Ибатова ет өндірісіне бағытталған отбасылық кәсіп ашты. Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Қосарал ауылындағы шаруа қожалығы өз өнімдерін негізінен Атырауға сатады.

“Кәсіпті нөлден бастадық. Тіпті баспанамыз да болмады. Бастапқыда қалаға ет апарумен айналыстық. Үйде үш қызбыз. Ата-анам бізді осы кәсіпке баулыды. Қазір кәсібіміз жүріп кетті”, -дейді Назерке.

Басында отбасылық кәсіпке үйдің үлкен қызы Алтынай араласқан. Кейіннен Назерке көмектесе бастады. Ал кенже қыз Айкөркем қазір Канадада оқып жатыр.

Тағы да оқыңыз:

Боксшы Марина Вольнова: Жұма сайын жеті шелпек пісіріп таратам

Қызының алқызыл түске әуестігін байқаған фотограф түстер сырын зерттеп көрді

Қазақстандық 20 жастағы сұлу фермер (фото)

ОҚО тұрғыны 23 жылдан соң тапқан немересін жақын досының қызына үйлендірді

Талқылау