Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атыраудағы зиратта мас ер адам 9 жасар қызды зорламақшы болды

Атырау облысында мектеп оқушысын зорламақшы болған ер адамды 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

2-74

 

Ағымдағы жылдың сәуір айында Мирный поселкесінің тұрғыны өз үйінің жанында 9 жасар қызы көріп қалған, деп хабарлайды Sputnik.

Қызды қорқытып ұстап алған ол, зиратқа апарып, өзінің арам ойын іске асырмақшы болады. Алайда, қыз бала оның қолынан сытылып шығып, үйіне қашып кетеді.

Атырау облысының қылмыстық істерге қатысты мамандандырылған ауданаралық сотында ер адамға қатысты үкім шығарылды.

Соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, “Соттың үкімі, сонымен қатар алқа билер шешіміне орай сотталушы ҚР ҚК 24-бабының 3-бөлімі және 120-бабының 4-бөлімі бойынша айыпталып, жазасын қатаң режимдегі бақылау колониясында өтейді”.

Тергеу жұмыстары барысында сотталушының кінәсы дәлелденді. Іс соттың және алқа билердің отырысымен қаралды.

Тағы да оқыңыз:

Қолын аузына салып ысқыра билеген әжей желіде “жұлдыз” болды (видео)

Лос-Анджелес полицейлері Головкиннен бірге суретке түсуді өтінді

“Кемпірөлді” салты бойынша жерде сұлап жатқан әйел жұртты таңғалдырды (видео)

Талқылау