Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Атыраудағы перзентханада жүкті келіншек қайтыс болды

Атыраудағы перинаталдық орталықта жүкті келіншек қайтыс болды. Оның өлімі туралы мәліметті облыстық денсаулық сақтау басқармасы растады.

Атыраудағы перзентханада жүкті келіншек қайтыс болды

Бұл туралы «Ақ Жайық» басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Қайғылы оқиға 12 қыркүйекте облыстық перинаталдық орталықта орын алған. Қайтыс болған келіншек 25 жаста болыпты.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәлімдеуінше, пациенттің өлімі фактісі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Басылым мәліметінше, сол күні келіншек бас ауруына шағымданып, үйіне дәрігер шақыртқан. Оны шұғыл түрде жан сақтау бөліміне жеткізген. Алайда өмірін аман алып қалу мүмкін болмапты.

Белгілі болғандай, қайтыс болған келіншек жүктілігінің 34-аптасында жүрген.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр