Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда жоғалып кеткен 8 жасар қызды бесінші күн қатарынан іздеп жатыр

Атырау облысында полицейлер мен сүңгуірлер бесінші күн қатарынан сегіз жасар Айкөркем Алдамжарды іздеп жатыр.

2

Бұл туралы “Ақ Жайық” басылымы жазады.

“Полицйлер мектеп алды лагері аумағында іздестіріп жатыр. Сүңгуірлер Орал өзенінде жұмыс істеуде. Әзірге жағдай өзгеріссіз”, – деп хабарлады ІІД.

13375943a6df9496f

14 маусым күні қыз мектеп жанындағы лагерге барып, қайта оралмаған. Мұғалімдердің сөзінше Айкөркем сағат 17:15-те лагерден шығып кеткен. Алайда содан кейін оны ешкім көрмепті. Ата-аналары да бұған қатысты ешқандай түсінік бере алмай отыр. Алайда тәрбиеші Сағадат Молдағалиеваның айтуынша, көршілері үйіне келген қызды көрген екен.

“Оның ата-анасы қалада жұмыс істейді. Үйлеріне келген соң қыздарын кешкі асқа шақырайын деп іздей бастаған. Қызды еш жерден таппай, полицияға хабарласады. Біз қыздың шамамен кешкі тоғыздарда жоғалғанын біліп, өзге ауыл адамдарымен бірге таңға дейін іздедік”, – дейді тәрбиеші.

Тағы бір тәрбиеші Лида Көшенованың айтуынша, қыз үйіне келіп, содан соң бір жаққа шығып кеткен.

52945943a6f26cf55

“Біз өзімізді жауапкершіліктен қашырып отырған жоқпыз, бірақ бұл жерде тәрбиешілердің кінәсі жоқ. Біз өз тарапымыздан алғашқы күні-ақ, балаларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірдік”, – дейді ол.

Бесікті ауылындағы орта мектептің директоры Гүлайым Шоқанованың сөзінше, Айкөркем лагерге небәрі бір-ақ күн ғана келген. Сол 14 маусым күні лагерге оқушылардың екінші легі бастап келген екен.

“Ол өзін жақсы ұстап, балалармен ойнап жүрді. Лагерь 08:30-17:30 аралығында жұмыс істейді. Балалар кешкі сағат 5-те жиналып, үйлеріне тарайды. Тәрбиешілер көрші тұратын балаларды бір-біріне тапсырып жібереді. Айкөркем өзіне жақын тұратын қызбен келе жатқанда, ол қыздың әжесі шығып: “Сен өзің бара аласың ба?” деп сұраған. Ол өз үйіне дейін сағат 17:30-ға дейін жетіп алған. Бірақ, ол кезде үйінде ешкім болмаған сияқты”, – дейді директор.

10665943a6ea72797

Ауылдың іргесінде Орал өзені ағып жатыр. Қазір өзен жағасында ауылдықтар, құтқарушылар мен полицейлер толып жүр.

“Көп әңгіме жүріп жатыр, ештеңе айта алмаймыз. Тиісті органдар бәрін тексеріп жатыр. Бүкіл ауыл тұрғындары қызды табылса екен деп тілеп отыр”, – дейді ауылдықтар.

Оқи отырыңыз:

ҰБТ жауаптарын сатып алғандар төмен баға алып қалуы мүмкін

Ираннан көшіп келген оралман өзінің «экстремист емес» екенін дәлелдей алмай жүр

Батыстық тілші Астананы “айдаладағы елорда” деп ЭКСПО-ны сынап тастады

Астанадағы шектен тыс ыстық ауа-райына байланысты көшелерде тегін су таратылып жатыр

Талқылау