Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда жер астынан шығып жатқан сұйықтықтың не екенін әлі ешкім таппай отыр

Атырауда  өзінен-өзі жердің астынан шығып жатқан қара майға ұқсас сұйықтықтың не екенін әлі ешкім тапқан жоқ. Мамандар сынамасын алып зерттеуге алып кетті.

мұнай

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Ауыл іргесіндегі алақандай шұңқырдан қара майға ұқсас табылған зат жергілікті көпшіліктің таңданысын туғызды. Тұрғындардың айтуларынша, жол айырығындағы мына шұңқырдың пайда болғанына көп уақыт бола қоймаған. Алайда, зиянды зат па деп шошынғандар не сұйықтық екенін ажырата алмай әлек.

Қара сұйықтыққа толған жол бойындағы шұңқырға шошына қарағандардың кейіннен қызығушылығы оянып, өз беттерінше зерттеу жүргізіп көрген. Жорамал жасаған тұрғындардың бірі – мұнай деп кесіп айтты.

“Қара мұнай тәріздес қара зат. Алып соны қойып-қойып, жарты сағаттан соң анау қоюланғаннан кейін интернеттен қарап, соның бәрін айырып, манағы енді өзінің ойынша мұнай деп есептеп жатыр”, – дейді қала тұрғыны сабыр Жұпмағамбетов.

Ал түсірілім тобынан жерден шыққан мұнайға ұқсас сұйықтықты естіген экологтар бүгін сынама алды.

“Алдағы уақытта біздер оны зертханада анализ жасап, талдамасын жасап, «несін» анықтауымыз керек. Мұнай қалдықтарына жата ма, жатпай ма?”, – дейді Атырау облысы бойынша экология департаменті зертхана-сараптамалық бақылау бөлімінің басшысы Жолдасқали Телағысов.

«Аптаның соңына қарай қорытынды шығарамыз» деген Атырау облысы бойынша экология департаментінің мамандары әзірге тон піше алмайтындарын жеткізді.

Талқылау