Атырауда жас босанған әйелдің өліміне себепкер болған дәрігерге сот үкімі шықты
Атырауда бала босанған келіншектің өліміне себепкер болған дәрігерге сот үкімі шығарылды.

Бұл туралы “Мой Город” хабарлайды.
Сот отырысында айыпталушылар өз кінәларын мойындаған. Сот дәрігерлер Жанар Дүйітова мен Назгүл Мұхамбетқалиеваны ҚР ҚК 317 бабы бойынша кінәлі деп тапқан.
Олар шартты түрде 2 жылға бас бостандықтарынан айырылды. Сондай-ақ, олардың медицина саласында 3 жылға дейін жұмыс істеулеріне де тыйым салынды. Акушер Ақмарал Сембиева да айыпталып, 1 жылға шартты түрде сотталды.
Еске салсақ, Атыраудағы Алмагүл ықшамауданында орналасқан перзентхананың қызметкерлері 32 жастағы Гүлдана Жекенованың өліміне кінәлі деп танылған еді. Олар жас босанатын әйелге дер кезінде медициналық көмек көрсете алмаған.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"