Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда сотталушы әйел колония қызметкеріне шабуыл жасады

Атырауда колония қызметкеріне шабуыл жасаған сотталушы әйелге қатысты соталды тергеу басталды.

20160729210742

«Тергеуші судья сотталушы И.-ге қатысты 2 ай мерзімге қамауға алу түрінде бұлтартпау шарасына санкция берді. Соталды тергеу органы әйел УГ-157/11 түзеу мекемесінің қызметкеріне жеңіл дене жарақатын салуға күдіктенуде.

Ол 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасын өтеуде. Сот үдерісінде әйел өзіне колония қызметкерлері тарапынан қысым көрсетілгенін түсіндіріп, өзінің айыбын мойындамады. Бұлтартпау шарасына санкция берілуіне байланысты сотталған әйел тергеу амалдарын жүргізу үшін тергеу абақтысына көшірілді», – деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.

Талқылау