Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда шұғыл қонған Air Astanа ұшағының жолаушылары Алматыға екі рейспен аттандырылады

Бүгін түстен кейін Атырау әуежайына шұғыл қонған Алматыға кетіп бара жатқан Air Astanа ұшағының жолаушылары діттеген жеріне дейін екі рейспен аттандырылады.

20151207192936

Бұл туралы Қазақпарат Атырау облысы ТЖ департаментіне сілтеме жасап  хабарлады.

«Алдын ала белгілі болғандай, ұшақтың шұғыл қону датчигі дабыл  белгісін берген. Экипаж ұшақты Атырау әуежайына қондыруға шешім қабылдаған. Мәскеуден Алматыға ұшып бара жатқан 119 жолаушылының бәрі де зардап шеккен жоқ. Қазіргі кезде олар аэровокзалда отыр. Алматыға олар екі рейспен аттандырылады – адамдардың бір бөлігі Embraer ұшағына отырғызылады, ал жартысы «Атырау-Астана» әуе қатынасындағы Air Astanаның «Боинг» рейсімен аттанады», – делінген хабарламада.

Талқылау