Атырауда полицейлер Жайық өзеніне батып бара жатқан жасөспірімді құтқарды

Жұма, 5 Тамыз , 2016 16:41

Атырау ІІБ жергілікті полиция қызметі жол-патрульдік қызмет батальонының қызметкерлері Жайық өзеніне батып бара жатқан жасөспірімді құтқарды.

құтқарды

«Жайық өзені бойындағы Орталық көпір маңын торуылдап жүрген ІІБ жергілікті полиция қызметі ЖПБ «Батыс» экипажының полиция сержанты Айболат Өтешқалиев пен полиция кіші сержанты Айболат Башев Жайық өзені жағынан көмекке шақырған айғайды естиді. Полицейлер ағынмен ілесіп  суға батып бара жатқан адамды көреді.

Еш ойланбастан бірден полиция сержанты Айболат Өтешқалиев суға секіріп кетті. Полицей жас жігітке жетіп, құтқарушылар қайықпен жеткенше, оны су бетінде ұстап тұрды. Олар 1999 жылы туған Махамбет кентінің тұрғыны, колледждердің бірінде оқитын студентті құтқарды», – деп хабарлады ІІД баспасөз қызметінің басшысы Гүлнәзира Мұхтарова.

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар