Атырауда өзін өртеп өлмек болған экс-прокурор 7 жылға сотталуы мүмкін
Өзін-өзі өртеген атыраулық экс-прокурор 7 жарым жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бүгінгі жарыссөз кезінде мемлекеттік айыптаушы бұрынғы әріптесі Ләйла Смадиярованы осындай мерзімге соттауды сұрады.

Тек ол жазасын балалары 14 жасқа толғаннан кейін өтейтін сыңайлы. Өйткені, экс-прокурордың кішкентай 2 баласы бар. Бір қызығы, Смадияроваға қатысты қылмыстық істе куәгерлер болғанымен, жәбірленушілер мүлдем жоқ. Яғни басты куәгерлер – түрменің бұрынғы бастығы мен бас есепшісі және түрмеге түрлі зат жеткізумен айналысқан кәсіпкер келіншек.
Тергеу мәліметінше, Смадиярова бұлардан жүйелі түрде ақша бопсалаған. Ал сотталушының өзі істің куәгерлердің сөзі бойынша құрылғанын, заттай дәлелдердің жоғын айтады. 31-ші қаңтар күні Ләйла Смадиярова кінәсіз екенін дәлелдемек болып, Атырау облыстық прокуратурасының ғимараты алдында өз-өзіне от қойған болатын. Беті мен тірсегі күйіп қалған келіншекке қатысты үкім апта соңына дейін шығады деп күтілуде.
Алматы билігі Үлкен Алматы көліне апаратын жаяу жүргіншілер жолына 500 миллион теңге жұмсамақ
2023 жылы тамызда жолдың такси қызметі үшін ашылуы қоғамда наразылық туғызды
"Қазақ тілі тестінен өту қиын болып кеткен": Өзбекстаннан келген қандастар азаматтық бермей жатқанына шағымданды
Қандас: "Азаматтық алуды квотамен тікелей байланыстырмаса екен"