Атырауда мектеп оқушысы басындағы орамалына байланысты сабаққа бара алмай жүр

Бейсенбі, 15 Қыркүйек , 2016 21:44

Атырауда  8-сынып оқушысы Ақерке Аманжан мектепке барып оқи алмай жүр. Себебі дін жолында жүрген мектеп оқушысы басындағы орамалына байланысты сабаққа қатыстырылмаған. Ақеркенің ата-анасының айтуынша балиғат жасына жеткен балалары шариғат бойынша орамал тағып жүруі керек. Ал мектеп мұғалімдері болса орамал тартқан оқушыны министрліктің нұсқауы бойынша сабаққа қатыстыра алмаймыз деп отыр.

767668

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Атыраулық Ақерке Мақсотқызы биыл 8-сыныпқа баруы керек болған. Алайда балиғат жасына толған қызымыздың орамал тартуы сол еді, мектептегі оқуын жалғастыра алмай қалды, – дейді ата-анасы. Нақтысы, мұғалімдер орамалыңды шешіп кел  деп сабаққа кіргізбей қойған айтуыларынша.

«Менің орамалыма байланысты, сабаққа директорым кіргізбей жатыр. Мен басқалар сияқты мектепке оқығым келеді. Сабақ үлгерімім жақсы, 4-5 оқимын. Сабақта достарымды көргім келеді. Қатарластарым сияқты сабаққа барғым келеді. Енді директор мен мұғалімдердің орамалмен кіргізуін қалаймын», – дейді 8-сынып оқушысы Ақерке Аманжан.

Ақеркенің ата-анасы да қыздары мектеп формасына сай киінген, тек ерекшелігі басына орамал тартқандығы дейді.

«Шариғат бойынша бас киім киіп жүру керек қой. Өзіміз намаз оқитын мұсылман болғаннан кейін солай бас кіиіммен мектепке кіруін талап етіп отырмыз. Қыркүйектің бірінен бастап барып жүрміз мектепке, есік алдынан кіргізбейді, қайтарып жібереді. Класына да кіргізіп жібердік, класс жетекшісі шығарып жібереді», – дейді Ақеркенің әкесі Мақсот Ізбасаров.

Ал Ақерке оқып келген №21 мектеп ұстаздары нұсқаулыққа байланысты талап етілді дейді.

«Біз мектепке кіргізбей отырған жоқпыз, тек қана мектептің табалдырығына дейін орамалыңды тағып кел, содан кейін ішке кірерде орамалыңды салғызып, іштегі балалармен бірдей болып отырсын деген талап қойғанбыз. Оны ата-ана дұрыс түсінбей отыр. Біз нұсқаулыққа байланысты өз жұмысымызды атқарып отырмыз, ішкі тәртібімізді ұстанып отырмыз», – дейді №21 мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Балқаш Жақсиева.

Министрліктен келген нұсқаулық пен мектепішілік бұйрыққа сай жұмыс жасап отырмыз деген мектеп мұғалімі Ақеркенің жақсы оқушы екендігін мойындайды. Тек мектеп ішінде орамалсыз жүруіне ата-анасы қарсы болмаса екен дегенді айтады. Өйткені, зайырлы мемлекетте заң баршаға ортақ.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

19
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
20.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар