Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда мәслихат депутаты істі болып жатыр

Атырауда қалалық мәслихаттың депутаты әрі қаланы сумен қамтып отырған «Атырау су арнасы» мемлекеттік мекемесінің экс-басшысы Андрей Ташлыковқа қатысты сот басталды. Айыпталушылар қатарында Ташлыковтан бөлек мекеменің бас есепшісі мен бөлім бастығы да бар, деп хабарлайды КТК арнасы.

Бұл үшеуіне Қылмыстық кодекстің «сеніп тапсырылған мүлікті иелену немесе талан-таражға салу» және «қызметтік өкілеттілігін асыра пайдалану» баптары бойынша айып тағылған. Андрей Ташлыков 2016-17 жылдары қаладағы су құбырларында апат болды деп жалған құжат жасаған. Ал оны жөндеуге қажетті түрлі қосалқы заттарды  алғызу үшін өз жоспарына бас есепші Гүлмира Ожыраеваны тартқан. Ол өз кезегінде жалған құжат арқылы мүлде жоқ жабдықты үн-түнсіз «жеткізіп» беретін тасымалдаушыны табумен айналысқан. Тіпті оның есепшотына қажетті қаржыны аударып, кейін өздері ақшаны алып отырған. Нәтижесінде, мемлекеттің 49 миллион теңгеге жуық қаражатын ұрлаған.

Оқи отырыңыз:

Астанада Жоғарғы соттың алдында шу шығарған келіншек өзін өртеп жібермек болды

Ақтөбе облысында өртенген көлікке қатысты жаңа дерек шықты

Ақмола облысында қайын енесін өртеп жіберген күйеу бала 15 жылға сотталды

Талқылау