Тағы да лифт дауы: Атырауда лифт шахтасынан құлаған екі жасөспірім көз жұмды
Атырауда екі жасөспірім лифт шахтасына құлап мерт болды.

«21 мамыр күні сағат 23:30-да Алмагүл шағын ауданында №19 үйдің 15-қабатынан абайсызда жүк тасымалдайтын лифтінің шахтасына құлаған 14 жастағы жеткіншек мерт болды. Тағы бір жасөспірім облыстық аурухананың жансақтау бөліміне түсті. Сағат 01:08-де ол да қаза болды»,-деп хабарлады өңірдің Төтенше жағдайлар департаменті.
Департамент жіберген хабарламада жүк тасымалдайтын лифттің жұмыс істемей тұрғандығы айтылады. Қазір тексеру жұмыстары жүріп жатыр.
Екі жеткіншек жұмыс істемейтін лифтіге кірген соң екеуі де шахтаға құлап кеткен. Олар 16 қабатты үйдің 15-қабатынан құлады.
Тағы да оқыңыз:
Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт болды: Қаза тапқандар бар
Шымкентте 40 немересі бар ерлі-зайыпты екінші рет үйленді (фото)
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"
"Туған күнімді үкімет жасап береді": Наурызды ерекше атап өтетін қазақстандықтар қызық оқиғаларын бөлісті
Наурыз: “Есімім Наурыз, 22 наурыз туған күнім”