Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда көлік жүргізушісі балалы әйелді қағып өлтірді

22 қыркүйек күні Атырауда балалы әйелді көлік қағып, өлтіріп кетті.

ІІД мәліметінше, көлік үш жаяу жүргіншіні қаққан. Жедел жәрдем қелгенше баласы мен анасы көз жұмды.

Жол апаты Курсай кентінде болды. Марқұм болған 37 жастағы әйел мен 3 жасар бала. 5 жастағы қыз бала бас ми жарақатын алып, қабырғасы сынды. Ол балалар ауруханасына жеткізілді.

“Көлiк құралдарын жүргiзушi адамдардың қозғалыс ережелерiн бұзуы немесе жүргізушілердің көлiк құралдарын басқаруы” бабы бойынша тергеу жүруде.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау