Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда қоқыс арасынан кесілген бастар табылды

Сиырдың 40-қа жуық басын қалдық таститын «Арнаулыавтобаза» мекемесінің жұмысшылары көріпті, – деп хабарлайды КТК арнасы.

Сиырлардың барлығының тілдері кесіліп алынған және құлақтарында сырғалары да бар. Қанның әлі қатпағанына қарағанда, сойылғандарына да әлі көп уақыт өте қоймаған секілді. Қазіргі уақытта табылған бастардың барлығы жойылған, яғни өртелген. Ал, 30 сиырдың құлағындағы сырғалары бойынша олардың кімге тиесілі екендігі анықталып жатыр. Әзірге сойылған малдардың кейбірінің иесі табылыпты. Олар сиырларын сатып жібергендерін айтқан. Дегенмен, осы дерекке қатысты тәртіп сақшылары ұрлық бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

“Қазір Қызылқоға ауданының 3 азаматы анықталды және Құрманғазы ауданындағы 5 сиырдың иесі анықталып, бұдан бөлек сиырлардың қай жерде, қай уақытта кіммен сойылғандығын анықтау жұмыстары жүргізілетін болады”, – дейді Атырау облыстық ІІД баспасқз қызметінің жетекшісі Назымгұл Қайсағалиева.


Жіберіп алмаңыз:

Бүгін елдің басым бөлігінде тұман түседі

Бүтін бір отбасын асыраушысынан айырған бұзақылар жеңіл жазамен сытылып кетпек

Журналистің сұрағына дұрыс жауап бермеген шенеунік жалақыдан қағылады

Павлодар облысында денесі табылған келіншектің өліміне туыстары күйеу баласын кінәлап отыр

Талқылау