Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда кәмелет жасқа толмаған 4 оқушы қыз жүкті болып қалған

Атырауда кәмелет жасқа  толмаған 4 оқушы қыз жүкті болып қалған. Бұл туралы Атырау облысы әкімдігінің жанындағы қоғамдық кеңес отырысының барысында Атырау қаласының әкісі Серік Шәпкенов айтты.

Атырауда кәмелет жасқа  толмаған 4 оқушы қыз жүкті болып қалған

Сурет: Көрнекі сурет

Бұл туралы Мой Город порталына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Серік Шәпкеновтің сөзінше, соңғы 2 жыл ішінде 15-17 жас аралығындағы кәмелетке толмаған қыздар арасында ерте жүкті болу фактісі төмендей бастаған.

«2016 жылы қалада кәмелет жасқа толмаған 23 қыз жүкті ретінде тіркелсе, 2017 жылы мұндай 8 жағдай анықталды. Жыл басынан бері қалалық білім бөлімінің мамандары 4 қызды тіркеуге қойған», – дейді Серік Шәпкенов.

Қала басшысының сөзінше, жүкті болып қалған 4 қыз қазіргі уақытта отбасылы. Олар кешкі мектепте білім алады екен.

Анықталғандай, қазіргі уақытта жастар арасында мұсылманша неке қию сәнге айналған.

Сонымен қатар өткен жылы 1 қыркүйекте Атырауда орамал тағып келген 200-ден аса оқушы оқу жылы аяқталғанша сабаққа қатыспағаны анықталды. Олар мектеп формасын киюге қарсылық танытқан.

«Олармен және олардың ата-анасымен қалалық білім бөлімінің мамандары мен дін мамандары түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Көптеген жағдайда ата-аналар мен оқушыларды райынан қайтаруға болады», – дейді Серік Шәпкенов.

Сонымен қатар Атырау облысында сәлафизмді ұстанатын 2 мың тұрғынның 65 пайызы жастар екені белгілі болды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау