Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда ер адам терезеден секіріп жарылыстан аман қалды (видео)

Атырауда ер адам металл контейнерден жасалған үйдегі өрт пен жарылыстан терезеден секіріп кетіп аман қалды.

15333e5234afbb0431f099c82068f984_resize_w_520_h_

Оқиға 23 наурызда таңғы уақытта Әбілқайыр хан даңғылының маңындағы құрылыс алаңында болған, – деп хабарлайды Ақ Жайық.

 Алаңы 12 шаршы метр болатын контейнер түгелдей өртеніп кетті. Бір зардап шегуші бар, бірақ ол күйік емес, кескен жарақаттар алған. Ол ауруханаға жатудан бас тартты, – деп хабарлады ТЖД.

Оқиға газ баллонында саңылау пайда болуы салдарынан туындаған. Зардап шегуші өрттен қорғанып, тұрмыстық бөлменің терезесінен секірген кезде зақым алған. Тағы бірнеше секундтан кейін жарылыс болған.

 

Талқылау