Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда былапыт сөздермен атышулы видео түсірген колледж түлектері қамауға алынды

Атырау қаласында былапыт сөздерді өздері оқыған оқу орындарына арнаған түлектер қамауға алынды.

54545

Бұл туралы ATPress.kz хабарлайды.

Маусым айының соңында бірнеше қыз-жігіттің бейәдеп сөздерді қарша боратқан видеолары әлеуметтік желіде жылдам таралып кеткен болатын. Жас түлектерді аяусыз сынға алғандар да, ақтағандар да аз болған жоқ.

Кейін жасөспірімдермен жастар көшбасшылары мен лауазымды тұлғалар кездесіп, ақылдарын айтқан болатын. Нәтижесінде олар қайтадан видео түсіріп, барша халықтан, ата-аналарынан, ұстаздарынан кешірім сұраған еді.

Алайда әлеуметтің қызу талқысына түскен әрекеттері оларды әкімшілік жазаға апарып соқтыратын секілді. Жасөспірімдерді тұтқынға алған құқық қорғау органдары “кішігірім бұзақылық” бабы бойынша іс қозғапты.

Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, видеодағы екі қатысушы арнайы қабылдау мекемесіне қамауға жіберілген, ал үшінші қатысушы бір тәулік ғана отырады. Төртінші адамға қатысты шешімді сот енді қабылдайды.

Оқи отырыңыз:

Астаналық оқушылардың жаңа мектеп формасы таныстырылды (фото)

Алматылық тұрғын өзін қаққан көліктің жүргізушісіне іздеу салады

Түрік жігіті үшін төбелескен қыздар жұрттың ашуын келтірді (видео)

Өлі күйінде табылған 10 жасар Ришат Харикоглуға қатысты жаңа дерек пайда болды

Талқылау