Атырауда 8 жастағы бала 2 жасар інісін өрттен құтқарып қалды
Атырауда 8 жастағы бала інісін өлімнен арашалап қалды, деп хабарлайды Қазақпарат.

«Көпқабатты үйдің бірінде газ есептеуіш дұрыс құрылмағандықтан өрт шықты. Өрт сөндіруге екі вакуум-көлік пен сатылы көлік жіберілді. Барлығы 7 адам өртті сөндірді», – деп мәлімдеді облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің кезекшісі.
Құтқарушылардың айтуынша, оларға дабылды 8 жасар бала хабарлап айтқан. Ояна салып өрт шыққанын байқаған ол 2 жасар інісін көтеріп, жанып жатқан үйден шыққан. Көршісі пәтерге кіріп, газ құбырын жапқан. Оқушы бала інісін ғана құтқарып қоймай, көршілеріне айқайлап айтып олардың пәтерін де газ жарылысынан аман алып қалды.
Тағы да оқыңыз:
Алматыда кинотеатр алдында сүйісіп отырған қазақ қыздары елді шошытты (видео)
Өзге ұлтпен қол ұстасқан қазақ қыздарымен күресуші азамат: Ертең мені қамаса, жезөкшелер қаптайды
Қазақстандықтар үшін шетелге демалуға ең тиімді айлар аталды
Компания өкілі: "Демалысты кемінде үш ай бұрын брондау арқылы туристер тур құнын 40 пайызға дейін үнемдей алады"
"Денем кез келген уақытта ісіп кетеді": Қазақстандық өзінің ісік ауруымен ауыратынын 50 жылдан кейін ғана білген
Қазақстанда шамамен 700-ден 1500-ге дейін пациент болуы мүмкін