Атырау тұрғыны бутерброд ішінен тірі құрт тауып алды
Желіде пайда болған бейнежазбада ер адам бутербродтан шыққан тірі құртты түсіріп алыпты, оны Атыраудағы супермаркеттердің бірінен сатып алған екен. Бейнежазбаны сегіз мыңнан астам адам көрген, деп жазады “Мой город“.

Жергілікті басылымға “Байзар” сауда орталығындағы бутерброд сатып алынған “Marco” гипермаркетінің коммерциялық директоры мәлімдегендей, тірі құртты бутербродқа бәскелестері салып жіберген болуы мүмкін.
“Біз сотқа шағым түсіреміз. Мұндай жалған ақпаратты таратқан адамды тапсын деп полицияға арыз жазамыз. Өлі құрт болса, оның жөні бір бөлек. Біз өндірісте мұқият тексеру жүргіздік, тірі құрттың табылуы мүмкін емес. Бұл бәсекелестердің ісі болса керек. Заңгерлеріміз мұны қолға алды. Біз өнімдерді термикалық өңдеуден өткіземіз, СЭС те жиі тексеру жүргізіп тұрады, бұлай болуы мүмкін емес”, — деді коммерциялық директор Әсем Адаева.
"Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді": Қазақстандық кәсіпкердің жаңа салық реформасының кесірінен бизнесі шығынға батқан
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр