Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырау облысында тоғыз балалы отбасы адам төзгісіз жағдайда өлместің күнін кешіп отыр

Атырау облысында қабырғасы сыз тартып, төбесі мен едені жартылай жалаңаш, көгеріп кеткен үйде 9 балалы отбасы тұрып жатыр. Шап-шағын үш бөлменің екеуі тұруға жарамсыз. Сондықтан басқа бөлмелерден жылылау бір бөлмеде жан бағып отыр. Олардың өткен жылы дүниеге келгеніне 9 күн ғана болған сәбиі шетінеп кетіпті.

Атырау облысында тоғыз балалы отбасы адам төзгісіз жағдайда өлместің күнін кешіп отыр

Райгүл Ізбасаров – 10 баланың анасы. Өткен жылы Достан есімді нәрестесі шетінеп кеткен. Ал қолындағы кенжесі жасқа да толмаған екен. Алайда күйеуінің табысы отбасының қажеттілігін толықтай өтей алмағандықтан, Райгүл жасқа толмаған баласын тастап, жұмысқа шығып кеткен, деп хабарлайды 31 арнаға сілтеме жасап Stan.kz.

Қабырғасы қақырап, көгеріп кеткен үш бөлмелі үйді өз күшімізбен көтеріп алғанбыз, бұдан әріге шамамыз жетпеді, деген ана жарықты да несиеге ақша алып қостырғанын айтады.

Атырау облысында тоғыз балалы отбасы адам төзгісіз жағдайда өлместің күнін кешіп отыр

Оның сөзінше, үйдің үлкендерінің басында бір-бір несиеден бар. Ал өз атына рәсімделген несиені банк балаларының жәрдемақысынан ұстайтынына қынжылып отыр.

Атырау облысында тоғыз балалы отбасы адам төзгісіз жағдайда өлместің күнін кешіп отыр

«Баланың ақшасын алды. Бірінші 21 мың теңгені бір ұстап, содан соң 11 мың, артынша 8 мың теңге ұстап қалды», – дейді көпбалалы ана.

Атырау облысында тоғыз балалы отбасы адам төзгісіз жағдайда өлместің күнін кешіп отыр

Ал жамауы мен жыртығы көп болса да, көпбалалы отбасы бұл баспана болмай тұрғанда тұрғын үй кезегінде тұрған екен. Алайда кезегі кері жылжыған. Себебі 2009 жылы көпбалалы ана ретінде үй кезегіне тұрғанымен, аты-жөні тізімінен жоғалып, кезекке қайтадан тұруға мәжбүр болыпты.

Атырау облысында тоғыз балалы отбасы адам төзгісіз жағдайда өлместің күнін кешіп отыр

Атырау қалалық тұрғын үй басқармасындағылар бұл мәселенің тек сотпен шешілетінін айтты.

«Қолында кезекке тұрғандығы жөнінде құжаттары болуы керек. Негізі жыл сайын келіп, тексеріп тұру қажет. Егер қолында құжаты болса, сотқа жүгінуге құқығы бар. Сот оның кезекте тұрғаны туралы шешім шығарса, біз соған сәйкес электронды кезекке өзгеріс енгізе аламыз», – дейді Тұрғын үй секторының меңгерушісі Рафхат Жолдиев.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау