Атырау облысында құдалар төсек-орын үшін соттасты

Бейсенбі, 21 Шілде , 2016 9:16

Атырау облысының Махамбет аудандық сотында құдалар арасындағы мүлікті қайтаруды міндеттеу туралы азаматтық іс қаралды, деп хабарлайды аймақтық соттың баспасөз қызметінен.

 

1-full

Істің мәні бойынша, талап қоюшы Т. мен жауапкерлер Г. және К.-ның балалары отау құрып, құдаласады. Бірақ жас жұбайлар заңды некеге тіркелмеген. Көп ұзамай жас келін мен ененің арасында дау туып, баласы мен келіні ажырасып кетеді. Уақыт өткен соң келіннің анасы бұрынғы құдағайынан қыз жасауы ретінде берген бұйымдарын кері қайтаруды сұрайды. Алайда, жігіттің анасы барлық заттарды беріп, екі дана хром мен шыныдан жасалған ыдысты қайтармай қалады.

Сол себепті талап қоюшы мүлікті қайтаруды міндеттеу туралы талап арызбен сотқа жүгінеді. Сотта осыншама дау тудырған ыдыстардың құны 24 000 теңге тұратыны анықталды.

Сот отырысы барысында тараптар мүліктерін кері қайтарып, ортақ мәмілеге келді.

Іс бойынша сот медиациялық келісімді бекітіп, істі өндірістен тоқтатты. Сот ұйғарымы заңды күшіне енді.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

29
Комментариев
  • Анонимно says:

    Осы шыққан жаңалықпен пікірлерді сотқа барған иелер оқып таныса ма екен? Ұяттары оянар ма екен? Ел өзгеру үшін, ең бірінші, өзіміздің іш-дүниеміз өзгеру қажет. Бір-бірінен қызғанып, өштесіп, дұшпанға айналуға қалыппыз. Эээ, қазағым-ай… Ұрпаққа не тəрбие? Шынымен, масқара.

  • Анонимно says:

    Расымен масқара, естімеген елде көп дегендей. Елімізде болып жатқан жағдай мына жағдайдан əлде қайда маңыздырақ емес пе?! Басқа айтарға сөзім жоқ.

  • Анонимно says:

    24000мынба бир 240000 нын ыдысы кусап уят екен сотка Дейн баргандары

  • Анонимно says:

    Маскарада, не деген сумдык

  • Анонимно says:

    Мамкара мынауын таза акымактыкко. Керсинше еки жасты косуды ойламайма бир биримен соттасканша. Казирги адамдар не болып бара жатыр

  • Анонимно says:

    Axaxaxaxa

  • Анонимно says:

    Балаларынын бакытын ойлаган ата ана дуниени еш уакытта козгамау керек, акылы келте катын екен енеси

    • Анонимно says:

      Енеси акымак емес кыздын шешеси онбаган ыдыс дуния важнее брак балдардын бакыты емес тек кызын ойлап неге ол жакты да оиламаиды тыйнга турмаитн дуния ушин

  • Анонимно says:

    Дуниеге таласса бала жакта сурамайма бергендерин

  • Анонимно says:

    Акымактык ериккеннин ермегин жасап

  • Анонимно says:

    Дуние куып не болды казагымыз кайда кетип барасын

1 2 3

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
18.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар