Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырау облысында екі баланы ұрлап кеткен әйел ұсталды

Атырау облысында екі баланы ұрлап кеткен әйел изоляторға қамалды. Полицейлер мен әкімдік қызметкерлері балаларды тәулік бойы іздеген. Ал нәтижесінде оларды үйлерінен 150 шақырым жерден тауыпты. Бұл туралы КТК хабарлайды.

Бейтаныс әйел мен екі кішкентай бала Құлсары қаласындағы көшелердің бірінен таңғы төрт шамасында табылады. Әйел бала мен қызды өзімен алып кеткен. Оқиға кезінде 5 жасар бала мен 4 жасар қыз аулада ойнап жүрген екен. Куәгерлер балаларды белгісіз әйелдің таксиге салып жатқанын көріпті.

27 жастағы әйелдің бұл қадамға неліктен барғаны әлі белгісіз. Бірқатар дерек бойынша ол жүйке ауруына шалдыққан. Қазір балалар өзін жақсы сезінеді және өмірлеріне қауіп төніп тұрған жоқ. Ата-аналары оқиғаға қатысты пікір білдіруден бас тартты.

“Балалардың денсаулығына зиян келмеген. Қазір олар ата-аналарының қасында. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Адам ұрлау дерегіне қатысты қылмыстық іс қозғалды”, – деді Атырау облыстық прокуратурасының ресми өкілі Аслан Нұрғалиев.

Оқи отырыңыз:

Түркияда жол апатынан зардап шеккендерге әлі санавиация жіберілмеген болып шықты

ШҚО-да ешқашан мектепке бармаған екі бала Маугли секілді өмір сүріп жатыр

ҚР мектептерінде қыздарына орамал шешкізбеген ата-аналар айыппұл төлейді

Министрлік университетке ақылы негізде түсетіндер үшін ҰБТ-ны алып тастауды ұсынды

Талқылау