Атырау облысында астық тиелген бес вагон аударылып қалды
Атырау облысының Жылыой ауданында 5 вагон аударылып қалды. Төтенше оқиға 23 қаңтарда сағат 09:43-те болған. Бұл туралы “Атырау” хабарлады.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Жылыой ауданының Шоқпартоғай разъезді, «Мақат-Құлсары» учаскесінде дән тиеген 5 вагон рельстен шығып кеткен.
Апатқа ұшыраған «Мақат-Маңғышлақ» пойызының құрамында жалпы 67 вагон болған.
Өзге пойыздардың жүру кестесінде өзгеріс болған жоқ. Адам өлімі тіркелмеді.
Қазіргі таңда «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның күшімен апаттық-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.
Тағы оқыңыз:
Отбасы 16 шаршы метрге бірнеше бөлмелі үй салып алған (фото)
Ұйықтап жатқан әйелдің төсегіне жылан кіріп кетті
20 жастағы жігіттің анасы ұлының Ақтөбедегі өрт кезінде қаза болғанын білмейді
"Әйелдерге тән оюды ерлер пайдаланып жүр": Қазақстандық дизайнер жұлдыздардың ою-өрнекті орынсыз пайдаланып жүргенін сынға алды
Кез келген ою – оны жасаған адамның ішкі дүниесінің көрінісі
"Ешқандай адам өте алмайды": Шетелдіктер қазақ тілінен тапсыратын тесттің қиындығына шағымданды
Шетелдік: "Жарайсыңдар, сендер жеңдіңдер!"