Атырау базарларында улы қарбыздар сатылуда
Бірнеше күннен бері қаладағы сауда нүктелеріне тексерген санитар-дәрігерлер жаға ұстатарлық деректерді анықтады. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Сурет bibo.kz
Денсаулыққа қауіп төндіретін қарбыздар қаладағы кез-келген базарда саудаланып жатыр. Оңтүстік облыстардан әкелінген олардың келісі 200 теңге. Мөлшер бойынша қарбыздағы нитраттың нормасы 60 миллиграмнан аспауы керек.
Алайда арнайы құрылғы нитрат көлемі 200 миллиграмнан асып кеткенін көрсетті. Сондықтан базар әкімшілігіне қарбыздарды саудадан алып, көзін жою туралы тапсырма берілді.
“Қарбыз құрамындағы нитрат шектен тыс көп. Сол алаңдатып отыр. Тексерілген 10 қарбыздың 9-ында нитрат рұқсат етілген нормадан 4-5 есе көп. Ең жоғарысы 223миллиграммм. Бұдан түрғындар жаппай улануы мүмкін”, – деді Атырау қалалық тұтынушылар құқығын қорғау басқармасының басшысы Темірбек Мұсағалиев.
Жаңа үйленсе де өзге қыздарға жазады: Қазақстандық психолог неліктен ерлердің опасыздыққа баратынын айтты
Желі қолданушысы: "Бір ғана әйелмен ол қызықсыз. Басқасын да көргің келеді"
"Күніне 6 миллион 406 мың теңге табады": ТОП-10 қазақстандық шенеуніктердің бай әйелдері
Ерболат Досаевтың жұбайы Гүлнар Досаева Қазақстандағы люкс санатындағы компаниясының тең иесі