Атырау-Астрахань тас жолында көлік апатынан 5 адам ажал құшты
Атырау-Астрахан тас жолында көлік апаты болып, 5 адам ажал құшты. Тағы бес кісі ауруханаға жатқызылды.

«Атырау мен Астраханды жалғап жатқан автожолда, Ерғалиев атындағы елді мекенге таяу маңда, бүгін түстен кейін көлік апаты болды. «Hyundai Accent» және «ВАЗ-21015» көліктері бетпе-бет соғысқан. Оқиға орнында 60 жастағы «ВАЗ-21015» жүргізушісі мен оның 4 жолаушысы – 1977 және 1961 жылы туған екі әйел, 1989 және 1958 жылы туған екі ер адам жан тапсырды», – деді Атырау облысы ІІД баспасөз хатшысы Назымгүл Қайсағалиева.
Сондай-ақ, «Hyundai Accent» көлігінде болған жүргізуші мен 4 жолаушы Исатай аудандық ауруханасына жеткізілген. Алдын ала мәлімет бойынша, олар бір отбасының адамдары – ерлі-зайыпты екеу мен үш баласы.
Оқи отырыңыз:
Қарындастарына арнап ән айтқан Қарақаттың ұлдары жұртты сүйсіндірді (видео)
"Көмектесіңіз мен оны танымаймын деп жылады": Алматы облысында бейтаныс ер адам кішкентай баланы ұрламақ болған
Тұрғын: "Ер адам баланың ұлы екенін, жай ғана үйге кіргісі келмей тұрғанын айтты”
Ай сайын ит-мысықты асырауға 8 миллион теңге жұмсаймын
Панажай иелері күштеп жабуға тап болып отырғанын айтты