Атырауда әйелді құтқарамын деп, полиция қызметкері ерлікпен қаза тапты
Атырауда суға батып өлмекші болған әйелді құтқарамын деп, полиция қызметкері өзі суға ағып қайыс болды. Ішкі істер органдарының басшылығы мен жеке құрамы қаза тапқан адамның отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтады, деп хабарлайды Stan.kz.
Қайғылы оқиға 21наурызда кешкі 23:00 шамасында орын алған. Патрульдік полиция сержанты Шалхар Ақымғалиев суға батып бара жатқан адамның өмірін құтқару үшін мұз суға түсіп, өзі батып кеткен.
Полиция қызметкері өз өмірін қауіп төндіріп тұрғанын білсе де, ағыспен кетіп бара жатқан әйелді құтқару әрекетін тоқтатпады", - дейді куәгер Райымбек Сарбалин.
Шалхарға көмек беруге қолына бөрене ағаштарын алып кіші лейтенант Рүстембек Сүндутов жүгірген. Ол өлейін деп жатқан әйелге жеткен кезде әріптесі су түбіне кеткен.
"Әйел адамды құтқару маңызды болды. Ол қатты қорқыныштан "ол мені үшін өлді ғой" деп айқайлады", - деді орын толмас қазаға қамыққан кіші лейтенант.
Әйелді жедел жәрдем қызметі облыстық аурухананың реанимациялық бөліміне жеткізген. Ал 24 жастағы әріптесін құтқаруға асыққан Сундутов судың мұздайлығына қарамастан серіктесін өз бетімен табуға тырысқан. Бірақ ол мүмкін болмады.
Сержант Шалхар Ақымғалиевтің мәйітін түнгі 00:50 шамасында тауып, жағаға жеткізді, деп мәлімдеп отыр ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз.
Көзі тірі болғанда қаза тапқан полиция қызметкері 1 сәуірде 25 жасқа толар еді. Ол көп балалы отбасының жалғыз асыраушысы болған. Құқық қорғау органдарында қызмет істеп жатқанына бес жыл болған екен.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.