Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ата-анасы тұрмысқа берер алдында қызының пәк емес екенін білген соң өзіне қол салды

Ата-анасы қызы үшін намыстанып өзіне қол салды. Қызын өзгелер құтқарып қалды.

Оқиға Тәжікстанның Канибадаме қаласында болды. 42 жастағы Муродджон мен Шоирахон Ганиевтер өзіне қол салып мерт болды. Олар 13 тамыз күні қызын ұзатпақ болған. Алайда медициналық тексеру кезінде қызының пәк емес екені айтылды.

Әкесі 13-нен 14-не қараған түні үйіне келіп асылып қалды. Анасы ертесі күні қызын ертіп Ферған арнасындағы суға батып өлмек болады. Қызды жақын маңда жүрген жандар құтқарып қалды. Анасын құтқару мүмкін болмады.

Ерлі-зайыптының өлімінің нақты себебі айтылған жоқ. Журналист Махмуди Ашурмахмад марқұмдардың қызы тексеруден өткенін, оның пәк болмай шыққанына ата-анасы ашуланғанын айтады.

Тәжікстанда некелесер алдында қызды тексеріп, пәктігін анықтайды. Өзге де жұқпалы аурудың бар-жоғын тексереді. Егер келін пәк болмаса, үйінен қуып жібереді. Өз ата-анасы да қабылдамайды. Ары өмір бойы қыздың бетіне салық болады. Исламда да зина жасау, некесіз жыныстық қатынасқа түсу күнә саналады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау