Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ата-анасы қыздарын зорлаған жігіт жазадан құтылып кетуі мүмкін екеніне алаңдап отыр

Ата-анасы қыздарын зорлаған жігіт жазадан құтылып кете ме деп алаңдап отыр. Олардың бұл сөздерін қазақстандық заңгерде қоштап, істе бір шикілік бар екенін айтты.

Бұл туралы “Еуразия Бірінші” арнасының “Кеш қалмайық” бағдарламасында айтылды деп хабарлайды Stan.kz.

Алматыда жаз ортасында орын алған 19 жасар қыз өлімі жұртты дүр сілкіндірді. Алғашында алып қашты делінген Тілеугүл Қуанышқызы өлі күйінде танылды. Тілеугүл 31 шілде күні кешкі сағат тоғыз шамасында аға-жеңгесінен туған күнге барамын деп екі сағатқа сұранып кеткен. Алайда бойжеткеннің жақындары оның өлі денесін мәйітханадан тапты.

“Менің қызым Қуаныш Тілеугүл 1998 жылы дүниеге келген. Биыл Қазақ ұлттық аграрлық университетінің бірінші курсын тәмамдаған болатын. Екінші курста грантқа өту үшін КТА тапсырған. Университеттің жұмысымен қалаға келіп, аға-жеңгесінің үйінде тұрып жатқан болатын. 31 шілде күні кешкі сағат 9-да қыздар туған күнге шақырған. Қыздармен қатар Әзиз деген бала да шақырған. Құрбылары қызымның туған күнге келмегенін айтады. Бірақ, қызым екі сағатқа аға-жеңгесінен сұранып кеткен. Таңертең “Мені алып қашып кетті” деген хат келді.

Ұлым хабарласып Тілеугүлді Ұзынағаштағы Әзиз есімді жігіттің алып қашып кеткенін айтты. Әкесі екеуіміз әлгі баланың үйін тауып бардық. Қызым, тіпті, ол баламен алып қашқанға дейін сөйлесіп көрмеген екен. Анасы “Менің балам қалада тұрады. Ол қыз алып қашуы мүмкін емес” деді. Ұлы телефон көтермеген соң, құқық қорғау органдарының көмегіне жүгінбек болдық. Олар бізге “Кешке дейін күтіңіздер. Аяққа жығылатын адам келеді. Содан кейін арыз беріңіздер” деді. Үйге қайтып, кешке мәйітханадан табылғаны туралы хабар келді. Бала 8-қабаттан өзінің секіріп кеткенін айтып отыр. Біз сенбедік. Себебі, еш жерінен қан ақпаған, сүйегі сынбаған. Өлтіріп апарып жатқызып қойған сияқты.

Қызды ол үйге алдап апарған екен. Өзі түсініктеме бергенде “Алдап алып барып зорламақ болдым” деген екен. Әкесіне “Кім алып қашса да, қызым аман болса болды. Бастысы, бақытты болсын” деп айтқан болатынмын. Сөйтсем олар қызымды өлтіріп тастаған екен. Арам оймен алып барып, өлімге итермелеп отыр. Ол менің қызымды өлтірді!  Астананың Еуразия университетіне грантқа ілінген болатын. Жауыздар арманына жеткізбеді”, – дейді марқұмның анасы Жанаргүл Бұзайқызы.

Тілеугүлдің туыстарының айтуынша, қалуға көнбеген қызды жігіттер өлтіріп қойды дейді. Себебі, қыздың өзі 8-қабаттан секіріп кетті дегенге сенбей отыр.

“Бала аман болса, қуанып, кешірім беретін едік. Құзырлы органдар мәлімдемені екі айға созды. Қызымыздың қырқы да өтіп үлгерді. Сараптаманың нәтижесі бүгін дайын болуы керек еді. Ал әлгі бала әзір бостандықта жүр. Осымен төртінші тергеуші ауысып отыр”, – дейді қыздың әкесі Қуаныш Зәкірханұлы.

Ата-анасының сөздерін қазақстандық заңгер де қоштап, тергеу жұмыстарында шикілік болуы мүмкін екенін айтты.

“Меніңше, жауапкерлер тергеушілер арқылы істің бұрмалануына үлес қосып жатқан секілді. Төрт  тергеуші мен медициналық сараптаманың екі айға созылуы күдік ұялатып отыр. Негізінде медициналық сараптама бір айдың ішінде дайын болып, сот шешім шығаруы тиіс. Қосымша сараптамалар тағайындалған болса ғана оның мерзімі ұзара алады. Қазіргі таңда тергеушілердің үстінен арыз түсіру керек. Себебі, ол кісілер салғырттық танытып отыр”, – дейді Кәмшат Есмұхамбетқызы.


Жіберіп алмаңыз:

Ләйлә Сұлтанқызы секілді тоқал болғым келеді: Келіншек тоқал болатын әкім таппай жүргенін айтып жылады (видео)

Ақтөбеде 80 жастағы әжей емші “Қыдыр атаға” келетіндердің надан екенін айтты (видео)

Шығыс Қазақстан облысында үшем дүниеге келді

Астанада жедел жәрдем жүргізушісі мен дәрігері шақырған жерге мас күйінде келген

Талқылау