Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар еміне ақша жинаған бала Кореяда қайтыс болды: ата-анасы денесін ала алмай отыр

2017 жылдан бері қатерлі ісікке шалдығып, осы уақытқа дейін аурумен күресіп келген Богдан атты балақай Кореядағы Северанс емханасында көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Қатерлі ісікке шалдыққан бес жасар қазақстандық Кореяда қайтыс болды: ата-анасы емхана алдындағы қарыз өтелмей оның денесін ала алмайды

2012 жылы дүниеге келген Богдан остеогендік саркома ауруына төрт жасар кезінде шалдыққан. Диагноз қойылғаннан кейін Астана қаласындағы Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығына жолдама алып, сол жерде 4 ай ем қабылдайды. Алайда қазақстандық дәрігерлер Богданның аурудан айығып кетуіне мүмкіндігі аз деген болжам айтады. Отандық аурухалардың емінен нәтиже болмаған соң, баланың ата-анасы құжаттарын жинап, 2 ақпаннан бастап Корея мемлекетіндегі Северанс емханасында емделеді. Алайда жеті айдан кейін Богданның тынысы тарылып, өздігінен демалу мүмкін болмай, жан сақтау бөліміне түседі.

Ата-анасының айтуынша, бастапқы емдеріне келісілген көлем бойынша қаражат жеткен, алайда ұлдары жан сақтау бөліміне түскеннен кейін емханадағы қарыздары лезде өскен. Өкінішке орай, бір ай бойы жан сақтау бөлімінде өліммен күрескен бүлдіршіннің жүрегі көтере алмай қыркүйектің 23 күні қайтыс болады.

Ендігі ата-анасы баланың денесін қарыз көлемдері көп болғандықтан ала алмай отыр. Тек аурухана алдындағы қарыздары 91000 доллар, теңгеге шаққанда отыз миллионға жуық. Бұл тек емхана алдындағы қарыз ғана, бұдан бөлек Богданның денесін тасымалдау, ата-анасының ұшақ билеттері бар.

Баланың әкесінің айтуынша, Қазақстан Республикасының Кореядағы елшілігі баланың өлгені туралы куәлігін көрсеткен кезде денені тасымалдауды өз мойындарына алуы мүмкін. Алайда куәлік тек аурухана алдыдағы қарызды өтеген соң беріледі. Елшілік тарапынан тағы да ауруханамен келісім жасап, қарыз ақшаны бөліп төлеуге рұқсат сұрайтындары айтылды.

Ендігі, Богданның ата-анасы қазақстандықтардан баласының денесін отанына қайтаруға қол үшін беруді сұрайды. Көмек көрсетеміз деген азаматтар төменгі банктік реквизиттерге ақша аударуларына болады.

Каспий-банк KZ42722С000017638754 – 5169493136092676 (Унру Виктор Викторович)
Халық банк KZ436010002000918365 – 4402576501071000 (Унру Виктор Викторович)
Сбербанк России – 4276020856065518 (Унру Валерия Александровна)
ЖСН – 820908302251
Халықаралық аударымдар үшін UNRU NATALYА, ЖСН-800913450449
QIWI әмиян +7 707 671 8584
PayPal:[email protected]

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау