Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Басты жаңалықтар
Ата-анасы кішкентай ұлдарын ағаш жәшікте қамап ұстаған
Бразилиядағы Эспирито-Санто штатында 3 жасар егіздер өз үйінде ағаш жәшікте қамалып отырған жерінен табылды. Бұл кезде баланың ата-анасы жұмыста болған. Белгісіз біреулер полицияға шағымданғаннан кейін, құқық қорғаушылар үйге басып кіріп, қамалып отырған балаларды көрген.
Бұл туралы The Sun басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Егіз ұлдар екі бөлікке бөлінген кішкентай ағаш жәшікте отырған. Ал жәшіктің сыртынан құлып салынған. Полицейлердің сөзінше, балалардың жанында ойыншық та, жастық та болмаған.
Нәтижесінде егіздер балалар үйіне тапсырылды. Ал олардың фермада жұмыс істейтін ата-анасы тұтқындалып, балаларға қатігездікпен қарады деген күдікпен полиция бөлімшесіне жеткізілді.
Алайда балалардың денесінен зорлық-зомбылық белгілері табылған жоқ.
«Ата-анасы алқапта алаңсыз жұмыс істеп, үйдегі шаруаларын тындыру үшін балаларын жәшікке қамап қойып жүргенін айтты», – дейді полиция қызметкері.
Талқылау

“Партизан болған, 400-ден астам жаралы сарбазды құтқарған”: Екінші дүниежүзілік соғыста ерлік көрсеткен қазақ қыздары кімдер
Әлия мен Мәншүк "Кеңес Одағының батыры", Хиуаз Доспанова "Халық қаһарманы атанды. Бірақ есімі еленбеген, ерлік танытқан қыздарымыз көп

"Жеті жыл күттім": Алматылық жас жігіт 53 жастағы әйелдің жүрегін алғаннан кейін өмірі қалай өзгергенін айтты
Рецепиент Данияр 10 жасына келгенде ауруы асқынып, оттегі баллонын қолдануға мәжбүр болған