Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Анасы 25 жастағы ұлынан үйінде тұрғаны үшін ақы талап еткен: Әйелдің көп ақша сұрауы жанжалға алып келді

Reddit қолданушысы анасынан күтпеген талап естіп, көшіп кетуді ұйғарған. Кей пікір білдірушілер анасының талабына таңғалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: proverka.com.ua

Пост авторы 25 жаста, бірнеше жыл бойы ата-анасының үйіндегі бір бөлмеде тұрғаны үшін аптасына 26 мың теңгеден аса қаржы төлеп келген. Жігіт жақында жұмысқа тұрғандықтан анасы енді аптасына 67 мың теңгедей (150 доллар) төлейсің деп талап қойған. Оқиға кейіпкері ата-анасының ақшаға мұқтаж емес екенін атап өтті. 

“Анама көшетінімді айттым. Мен тамаққа ақша төлеймін, бір ғана шағын бөлмем бар. Оның орнына екі немесе үш есе үлкен бір бөлмелі пәтер жалдауыма немесе достарыммен бірге одан да арзанырақ пәтер табуыма болады”, – дейді автор.

Айтуынша, ата-анасымен бірге тұрған кезде ол өз шығынын өзі толықтай жауып, бір үйде тұрып олармен көріспейтін. 

“Анама шешімім ұнаған жоқ, оның үйінде ұйықтағаным үшін ақша төлеуге мәжбүрлегісі келгеніне менің де көңілім түсіп кетті”, – деп мойындады ол. 

Пост астына пікір жазушылар автордың ата-анасының үйінен көшіп кету туралы шешімін қолдаған. Кейбірі тіпті ұлына өз үйінде тұрғаны үшін ақша төлеткеніне таңғалды. Ал кей желі қолданушыларының ойынша, анасы баласы көшіп кетуі үшін әдейі ақша төлеуді талап еткен. 

Бұған дейін Reddit қолданушысы күйеуі отбасындағы күтпеген қонаққа ашуланған соң ажырасуға өтініш бергенін айтқан. 

Талқылау