Ата-анасын таныды: Дәрігерлер Талдықорғанда балабақша терезесінен құлаған қыздың жағдайын айтты
Талдықорған қаласындағы балалар шағын орталығының терезесінен құлап кеткен екі жасар қыз Аруна Қуанышқызы ата-анасын тани бастады.

Қыз бала дәрігерлердің тұрақты қадағалауымен қарқынды ем алып жатыр, деп Хабар арнасына сілтеп Stan.kz хабарлайды.
Денсаулық сақтау қызметкерлері оның жағдайын ауыр, бірақ тұрақты деп санайды. Баланың құлауына байланысты педагогтің кінәсі тергеу барысында анықталды, бірақ педагог жұмысынан босатылды.
Естеріңізге сала кетейік, оқиға 15 мамырда Талдықорғандағы шағын орталықтардың бірінде болды.
"Баланың жағдайы салыстырмалы түрде тұрақтандырылған. Бала есін біледі, бірақ әлі де жарақатқа байланысты әлсіз күйде. Интенсивті терапия қажет болғанша, бала қарқынды күтімде болады, - деді реаниматолог Әл-Акбар Бекұлы.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"