Ата-анасы қонақ күтіп жүрген: Түркістан облысында бір жасар сәби тарақанға қарсы уды жеп қойған
Түркістан облысының Леңгір қаласында бір жасар қыз тарақанға қарсы удан уланып қалып ауруханаға түскен, деп хабарлайды Stan.kz облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сурет: Оtyrar.kz
Оқиға күндізгі уақытта орын алған. Үйге қонақтар келіп, сәбидің ата-анасы қонақ күтумен әруе болып жүрген. Осы кезде қараусыз қалған сәби тарақанға қарсы улы затты тауып алып, оны аузына салып жіберіпті. Оның күмәнді затты шайнап отырғанын анасы байқап қалған көрінеді.
Анасы қызының аузынан белгісіз затты алып шыққан. Осы кезде туыстары сәбидің үйдегі жәндіктерді жоюға арналған улы затты жеп қойғанын түсініпті.
Қатты шошыған ата-анасы бірден жедел жәрдем шақырған. Алайда дәрігерлердің көмегіне дер кезінде жүгінгеніне қармастан, сәби уланып үлгеріпті.
Дәрігерлер сәбидің өмірін аман алып қалды. Қазіргі уақытта оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар
