Ата-аналарға кеңес: балаңызға ойыншық таңдай білесіз бе?

Дүйсенбі, 24 Қазан , 2016 19:16

Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті сатушылардан сәйкестік сертификатын талап етуге кеңес береді.

15

Бүгінде нарықта ойыншықтың түр-түрі бар, бірақ олардың балалар үшін  қаншалықты қауіпсіз екенін біле бермейміз. Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті ата-аналарға ойыншық таңдау кезінде мән берілуі тиіс дүниелерді айтып берді.

Біріншіден, ойыншықтың бала жасына сәйкестігіне назар аудару қажет. Белгіленген жас мөлшерін қаптамадан оқи аласыз.

Ойыншық жасалған материалды, сыртын және бетік бояуының төзімділігін (бояудың қолыңызға жұғып қалуын) мұқият тексергеніңіз абзал. Сыртының құрылымы ұнамды болуы тиіс. Ойыншықта ұсақ бөлшектері, өткір қырлары,  бала жұтып қоюы мүмкін сынған бөліктері болмауы керек. Оған қоса заттаңбада таңбаламасы бар-жоғына, мүмкіндік болса, иісіне мән бергеніңіз жөн.

Сатып алғанда клиент сәйкестік сертификатын немесе елеспе құжаттарын талап етуі керек.

Сонымен қатар сатып алу барысында қаптамасына назар аударыңыз. Қорабында келесі аталғандар көрсетілуі тиіс: табар атауы, техникалық регламентке сәйкестігі, ойыншық жасалған мемлекет, тұтынылу ерекшеліктері жөнінде мәлімет, шығарылған мерзімі мен сақтау шарттары, штрих-коды мен бағасы.

Ағымдағы уақыт ішінде ойыншықтарды іріктеу және қауіпсіздік мониторингі бойынша сәйкестенбеген ойыншықтардың басым бөлігі Қытай (65%), Ресей (14%), Беларусия (5%), басқа мемлекеттерде (4%) жасап шығарылатыны анықталды. Бұл қатарда жасалған жері белгісіз өнімдер де (12%) бар екенін ведомствода атап өтті.

Бұдан бұрын ҚР тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті биылғы жылдың 9 айындағы балалар ойыншықтарына жүргізілген мониторинг қорытындыларын жариялады. Тексеру нәтижесіне сәйкес, бүгінде нарықтағы ойыншықтардың 40%-ы сапасыз. Жалпы саны 1277 сынама іріктелсе, олардың 510-ы сапасыз болып шықты.

Ойыншықтар таралымы бойынша сауда нүктелерін тексеру өнімдердің көбінде сапа және қауіпсіздік сертификаттары жоқтығын көрсетті. Сонымен қатар тауар таңбалануы бойынша талаптардың бұзылуы анықталды. Ойыншықтардың санитарлық-химиялық, токсикологиялық көрсеткіштері қауіпсіздік талаптарына жауап бермейді. Барлық ойыншықтар айналымнан алынып, сапасыз ойыншықтарды сататын тұлғаларға қатысты әкімшілік ықпал ету шаралары қолданылады.

Ойыншықтар Батыс Қазақстан облысы, Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылорда облысы, Ақтау қаласы және Қазақстанның басқа да ірі қалаларынан тәркіленді. Қызылорда қаласында «Шахмат» және «Шашки/Шахматы/Нарды» үстел ойындарында формальдегид мөлшері көп екені анықталды. Жамбыл облысында «KaiZhi Tidland eden» құмсалғышында да формальдегид бары белгілі болды. Комитетте сапасыз ойыншықтардың көбі базарлардан алынғанын атап өтті.

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
06.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар