Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ата-аналар балаларын гей тәрбиеші жұмыс істейтін балабақшадан алып кетіп жатыр

Берлиндегі негізінен мұсылман отбасыларының балалары келетін балабақша гей тәрбиешіні жұмысқа алған. Бұл шешім ата-аналардың жаппай қарсылығын тудырды.

kuzoo_spetsializirovannij_dom_rebenka_omsk_foto_rabotaet_anastasija_dvurichenko_i_luba_leshenko_2

Бұл туралы Tagesspiegel хабарлайды.

Әңгімелесу кезінде тәрбиеші өзінің жыныстық бағыты туралы айтады. Кейін бұл туралы балабақша директоры ата-аналарға хабарлаған. Ата-аналарды олардың балаларына ер адамның, оның үстіне гей ер адамның тәрбиелейтіні шошытқан.

“Олар кәдімгідей көтеріліс жасады. Олар балабақшада гейдің жұмыс істеуіне қарсылық танытып, оны бұл жұмысқа тағайындатпас үшін қол жинады”, – дейді директор.

Қанша дегенмен тәрбиешінің балаларға жанасатыны, оларды киіндіріп, қолдарынан ұстап қыдыртатыны, жалаңаш күйінде көретіндігі ата-аналардың сексуалды қорқынышын оятады.

Гей жігіттің өзі бұған дейін жұмыс істеген балабақшада да осындай жағдайға кез болғанын айтыпты. Дегенмен, жаппай қарсы болған ата-аналар ақырында өз балаларын басқа балабақшаға орналастырудың қамына кіріскен.

Берлин балабақшаларындағы ата-аналар комитетінің басшысы Катрин Молькентин бір жағынан ата-аналардың қорқыныша түсіністікпен қарайды. Ал бір жағынан адамның жыныстық бағыты оны кемсітушілікке әкеліп соқпауы тиіс деп есептейді.

Оқи отырыңыз:

Пәкістанда тек әйелдерге арналған такси жұмыс бастады (фото)

Қаңғыбастың азық-түлігіне ақша төлеп берген полицей жұмыстан қуылуы мүмкін

Ер адам баласын аңдимын деп әйелінің бөтен еркекпен секспен айналысқанын байқап қалды (видео)

Пайғамбар (с.ғ.с.) мешітінде намаз оқып тұрған азамат сәждеде көз жұмды (фото)

Талқылау