Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ат байлар ұлды да боласың: Бақытбек Есентаевтың қарындасы ағасын туған күнімен құттықтады

Бақытбек Есентаевтың қарындасы ағасының туған күніне орай желіде жантебірентерлік жазба қалдырды, деп жазады Stan.kz.

Ат байлар ұлды да боласың: Бақытбек Есентаевтың қарындасы ағасын туған күнімен құттықтады

“Бүгін сен өмірге келген мамыражай мамырдың шуақты күні ағатайым менің! Алдағы өмірің мәнді де сәнді, ғұмырың ұзақ болсын асқар таудай ағатайым менің. Мен саған сенемін, сенің әлі алар белестерің көп, бақытты күндерің алда. Алла қаласа ат байлар ұлды да боласың! Сен асқақ арманы бар, мейірімге толы жүрегің кең, пейілі таза, ниеті түзу, ақ көңілділігіңмен маңайындағы жандарға жақсылық сыйлаған жансың, алтыным менің. Туылған күнің құтты болсын!” – деген Нағима Есентаева ақ тілегін “Бауыр керек” өлеңімен жалғады.

“Бауыр керек өмірде сырласатын.
Сыйласатын өзінше үн қосатын.
Сынаққа да сен үшін қарсы тұрып.
Бағындырып белесті қыр да асатын.
Бауыр керек өмірде жанға жақын.
Тек жақсылық жасауға қамданатын.
Сырттай сені біреулер жамандаса.
Сол сөзіне алданбай ,арланатын.
Бауыр деген-бір әлем аулы бөлек.
Бауырларсыз жүгің де ауыр демек.
Бауырлардың тілейік амандығын.
Әр адамға өмірде бауыр керек!

Ағатайым менің сен жүрегімнің жартысысың”, – деп бөлісті ол.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау