Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Асырап алатынын білген жетім қыздың қуанышы жұртты жылатты (видео)

Жетімнің мұңын жетім ғана түсінер! Желіде балалар үйінде өскен жаңа отбасы туралы білген 11 жасар қыздың қуанышты сәті жарияланды. Бірнеше секундтық кадр әлем халықтарының назарына ілікті.

Бұл туралы “Обозреватель” басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Жантебірентерлік видео АҚШ-тың ЮТА штатындағы жетімдер үйінің бірінде түсірілген. Онда тәрбиеші ата-ананың қарауынсыз қалған қызға асырап алушылардың табылғанын хабарлайды. Қуанышы қойнына сыймаған жеткіншек тәрбиешісінің мойнына асыла жөнеледі.

Ұстаздың айтуынша, Танна Бетерфилд ата-анасы табылған жағдайда өзіне бірден хабар беруді өтінген.

Танна жаңа отбасымен осыдан екі жыл бұрын танысқан. Фишерлер осы уақыт аралығында оның жағдайын біліп тұрса да, асырап алуға жүрексінген көрінеді. Оның үстіне, құжат әзірлеумен де біраз уақыт кетіп қалған ұқсайды. Сондықтан да жаңа отбасымен қауышу Танна үшін көптен күткен оқиға болды.

Фишерлер отбасының Таннадан бөлек, екі баласы бар, 13 жасар Эйден мен 10 жасар Мейси.

Отбасы ұзақ уақыт бойы белсіздіктің азабын тартқандықтан, алдағы уақытта көпбалалы болуды армандайды екен.

Жіберіп алмаңыз:

Марқұм иесін теледидардан көрген ит экранға телміріп, көптің жүрегін елжіретті

Эйр Астана ұшағы Қытайда апатты жағдайда қонуға мәжбүр болды

Анасы қасына алып жатқан сәбиін басып кетіп өлтіріп қойды

Күйеуінен бала көтерген жүкті ер адам табылды

Талқылау