Асылып өлуге дайынмын: Алматы облысының тұрғыны жетімдер үйіне өткен қызын қайтара алмай жүр
Алматыда 100 мың теңгеге кепілдікке қойылған қыз ақыры Үкімет қарамағына өтті. Өйткені аудандық полицейлер Айарудың Ақтерек ауылында кім көрінгеннің қарамағында жүргенін жерінен ауруханаға жеткізген.
Ал дәрігерлер бүлдіршіннің бойынан бірнеше ауруды анықтадық дейді. Жақындарын екі апта күтіп те көрген. Алайда ешкімнен хабар болмаған соң сәбилер үйіне өткізуге мәжбүр болғандарын айтады, деп хабарлайды Евразия бірінші арнасы.
Ал Нұрбек Нұриқұлов Айарудың заңды әкесі екенін дәлелдей алмай көмек сұрауда.
Нұрбек Нұриқұлов өз қызынан тірідей айырылып көз жасы көл болды. Ол аудандық аурухананы айналшықтап Айаруын іздеп жүр. Күні кеше қызын ауруханадан көрген. Ал бүгін алып кетуге келсе, қызын сәбилер үйіне өткізгенін айтқан.
Өзінің айтуынша, екі апта бұрын туған қызын досына екі күнге қарай тұруға берген. Бірақ ауруханаға қалай түскенін білмейді.
«Қызымды Талдықорғанға жібердік дейді. Менің қолымсыз қалай алып кетеді? Ауылда да менің рұқсатымсыз қызды алып кеткен», – дейді әкесі.
Ал, дәрігерлер Айарудың ауруханаға тастанды бала ретінде тіркелгенін айтады. Сәбидің мұрнынан су сорғалап, өкпесінде сырыл болыпты.
«Бізге келгенде сәби тұмауратып тұрды. Қызуы көтеріліп, жөтелі болды. Барлық тексеруден өткізіп емдедік. Кейін құжаттары дайын болған соң қызды қамқоршылардың қарамағына жібердік», – дейді аудандық орталық ауруханасының бабалар бөлімі меңгерушісі Зухра Қайнарқызы.
Мамандар Айаруды сәбилер үйіне уақытша орналастырған. Егер асырап алам дейтін жақындары болса, беруге де әзір. Ал құжаттары рәсімделмей Нұрбек Нұриқұловқ қызын көруге рұқсат жоқ.
Ал 100 мың теңге үшін қызын кепілдікке тастап кеткен анасы табылса, ата-ана құқығынан және бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Тағы да оқыңыз:
Тастанды бала жанынан «Балам, кешірші» деген хат табылды
Британия әншісі қазақ қызының өнеріне тәнті болды (видео)
Жапонияда желі қолданушыларын алдап басын алып жүрген қанішер ұсталды