Асылхан Төлепов өзінің той күнінде жетім балаларға дастархан жайды

Сейсенбі, 7 Қараша , 2017 17:01

Жуырда ғана отағасы атанған Асылхан Төлепов үйленгенін растаған жоқ. Сенімді дереккөзге сүйенсек, қалыңдығын ұзатып алған актердің үйлену тойы бүгін Ақтөбе қаласында тойланатын көрінеді. Алайда Асылхан өміріндегі ең маңызды күні “гулянкадан” бас тартып, оның орнына жетім балаларға дастархан жайған, деп хабарлайды Stan.kz.

Бұл туралы әнші Димаш Құдайбергеннің досы ретінде танылған Алпамыс Шәрімов айтып берді. Алпамыстың сөзіне сүйенсек, Асылхан қайырымды ісін жария еткісі келмеген.

“Кешір, Асылxан, xалық білсін! Талай біліп-білмей жатқан оң істерің қаншама?! Бірақ, бұл ісің менің жүрегіме досыма деген мақтаныш, құрмет сезімін еселетті. Әрине, бұны Сен біреу білсің деп емес – жүрегіңмен риясыз істедің! Сендей азаматтардың ісі көпке үлгі болуы керек!

Әмина апайдың “Перзент” балалар үйіне барып дастарxан жайып, көңілдеріңізді білдіріп, қаншама құрмет көрсеткендеріңіз – жақсы іс. Өзің үшін маңызды күнде жастардың “гулянкасын” жақсы іске алмастыруын да жамағатқа үлгі, жартыға бүтін болсын! Бүгінгі бақытты күндеріңізде Сіздермен бірге болғаныма мен де бақыттымын! (Айтып-айтылмаған барлық) Игі істеріңіз мың есе Алладан қайтсын! Бақытты болыңыздар!” – деп жазды Алпамыс желідегі парақшасында.

Жіберіп алмаңыз:

Ғазизхан: “Зың-зың” әнінің авторы сыныптасым, жертөледе жұмыс істеп денсаулығынан айырылды

Айқынмен ара-қатынасын жасырған Жұлдыз Өмірғали балалы болғанын мойындауға мәжбүр болды

Мейрамбек Бесбаевтың жары әншінің туған күніне ерекше тосынсый жасады (фото)

«Меломен» тобы: Нағыз еркек тоқал алуы тиіс

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
13.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар