Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Асыл” тобының экс солисі ауруханаға түсіп қалды

Ғалия Мұратова суық тиіп ауырып қалды. Десе де, әнші алаңдайтын ешнәрсе жоқ екенін айтады. Тіпті ауруханаға өзі көлігімен барған екен.

13259579_280780428976864_1933385500_n

Фото: instagram.com/galiyaassyl/

Бұл туралы “Stan.kz” хабарлайды.

Соңғы кезде әншінің денсаулығы ғана емес, жүйкесі де сыр беріп жүрген сияқты. Бұған тыңдармандарының жағымсыз пікірлері себеп болса керек. Ол желі қолданушыларына қатты ренжіген. Тіпті жағымсыз пікір жазатындарға парақшасын оқымауға кеңес берген.

“Менің түрім “онша емес”, “быт-шыт”, “қорқынышты” деп ойлайтындар, өтініш жеке парақшамнан шығып кетіңіздерші! Менің сіздермен бөлісер көңіл-күйім де, уақытым да жоқ. Сіздер маған емес, өздеріңізге жамандық жасап жатырсыздар. Қасиетті айда тіл-жағына ие бола алмаған адамдарды не ұстай алатынын тіпті білмеймін. Барлықтарыңызға тату-тәтті өмір ғана тілеймін!” – дейді Ғалия Мұратова.

Әнші туралы жаңалықты естіген тыңдармандары да оның тез сауығып кетуін тіледі.


Жіберіп алмаңыз:

Ғалия Мұратова күйеуімен қарым-қатынасы туралы айтып берді

“Асыл” тобының жүкті солисі аяғының ұшымен тұрып жұртты таңқалдырды

“Асыл” тобының экс-солисі тұңғышын дүниеге әкелді

“Асыл” тыңдармандарына Ринат Зайытовтың сөзіне жазылған ән тарту етті

 

Талқылау