Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Асыл” тобы кішкентай тыңдармандарына қуаныш сыйлады (фото)

«Кірлеме менің жүрегім» әнімен тыңдармандарының жүрегіне жол тапқан «Асыл» тобы бүгінде қазақ сахнасына өз өрнегін салып келе жатыр. Шығармашылықтарымен қуантуға асық жүретін қыздардың он күн бұрын ғана жаңа бейнебаяны жарық көрді, пікірлер де оңынан. Бейнебаянда сұлулар жүректерін мазалаған сұрақтарға жауап ала алмағанымен, керісінше «Бала дауысы» Музыка мектебі оқушыларының біршама сұрақтарына жауап берді.

н

Нақтырақ айтсақ, өнер және әнді орындау техникасы жайында болды. Балалардың бал тілінен шыққан сөздеріне, қойған сауалдарына сүйсіне жауап берген «Асыл» тобының солистері шеберлік сабағын өткізгендеріне, тәжірибелерімен бөліскендеріне риза екенін дәріс соңынан тілшілерге де жеткізді.

нн

Мектеп оқушылары келген жұлдызды қонақтарға бүгінге дейін дайындаған әндерін орындап, бағасын алды. Топ қыздары кішкентай болса да, шет елдерде өнер көрсетіп жүрген ұл-қыздардан толқу байқамады. Себебін сұраған «Асыл» тобына оқушылар кідірместен: «Ән орындау қиындыққа соқпайды» – деп жауабын берді.

з

Музыка мектебі шәкірттерінің сахнаға шыққан кезде қобалжу, толқу атаулы сезімдердің болғанымен, әннің алғашқы шумағын бастасымен қорқыныштың сейілетінін айтса, енді бірі ауқымды сайыстарда әннің сөзін ұмытып қалғандарын баяндады. Бұл сөздердің жалғасы, топ құрамының әншісі Ақеркенің бала күніндегі қызықты оқиғасымен өрбіді. Кезінде кішкентай Ақерке де үлкен сахналарда әннің сөзін ұмытқан. Бірақ, нақ осындай жағдайлар жұдырық түйгізе жігерлендіріп, келесі байқауларда жеңіске жетуге себепші болатынын атап өтті. Оған қоса, ән орындағанда көтеріңкі көңіл-күймен және күлімдеп айтудың мән-маңызын түсіндіріп, ең бастысы – сольфеджио сабақтарынан қалмауға кеңес берді. Себебі, сольфеджио сабағының тамырынан бұтақтарына дейін таралған білімді бойға сіңірсең, қалғаны қиынға соқпайтынын, еңбек түбі жеңбекке апаратынын айтты. Сабақ соңында балалардан тұщымды жауаптар алған «Асыл» тобы «Кірлеме, менің жүрегім» атты үнтаспаларын сыйға тартып, естелікке суретке түсті.

 

Талқылау